Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жыр алыбы – Жамбыл» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты

2021 жылы 02 сәуірде онлайн форматта Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына  орай «Жыр алыбы – Жамбыл»  тақырыбында ашық тәрбие сағаты  ұйымдастырылды. Білім алушылар Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына, ақынның қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен маңызына тоқталды. Білім алушыларға  қазақ тіліне, қазақ өнеріне, мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру және эстетикалық, патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған бұл тәрбие сағатында көптеген құнды мәліметтер айтылды.