Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің базасында World skills -тан “электромонтаждық жұмыстар” құзыреттілігі бойынша аймақтық чемпионат ұйымдастырылды. Аймақтық білім байқауына аталған колледжбен қоса Алматы мемлекеттік электромеханикалық колледжі, Алматы мемлекеттік құрылыс-техникалық колледжі, Алматы мемлекеттік темір жол көлігі колледжінің білім алушылары қатысты. Электромонтаждау және программалау бөлімінен тұрған білім байқауы 2 күнге созылды. Әр білім алушының еңбегін бағалаудың оңайға түспегенін сарапшылардың да қызу жұмысынан байқауға болады.
Жарыстың екінші күнінің соңында “Электромонтаждық жұмыстар” құзыреттілігі бойынша бас сарапшы Д.Буданов қатысушылар мен сарапшыларға сертификаттар табыстады және жеңімпаздардың аймақтық чемпионаттың жабылу салтанатында марапатталатынын жеткізді.