Жылуэнергетика бөліміндегі ата-аналар жиналысы

 

31  қазан 2020 жылы жылуэнергетика бөлімі бойынша ата-аналар жиналысында 9 топ қатысты. Күн тәртібіндегі  мәселелер толығымен қамтылды. Бүгінгі таңда қолданылатын  Classroom, Zoom, Google Meet, Blm kz бағдарламасы туралы сабақ үрдісінің жүргізілуі және де онлайн жағдайында бұл технологиялардың тиімділігіне тоқталды. Жиналыс барысында ғаламтор желілерінің ауылды аймақтарда баяу болып, ақау болуы сұрақтары туындады. Қашықтықтан оқыту жауапкершілік пен тәртіпті талап ететіні, ата-аналар тарапынан қатаң бақылау алатыны айтылды. Google Meet сабақ барысында білім алушының этикеті, сөйлеу мәдениеті, жалпы киім кию, бет бейнесі мәселелері айтылды. Қашықтықтан оқу үрдісіндегі бейімделу мәселелері туралы ата-аналар өз ойларын айтып, сұрақтарға жауап берілді.