« Колледждің үздік тобы »

1.Жалпы ереже

1.1. Мақсаты:

Студенттерді ынталандыру арқылы  оқуға, қоғамдық өмірге деген  жауапкершілігін   арттыра отырып, оқу жылының үздік тобын анықтау,

1.2. Студенттерді жаппай мәдени-бұқаралық, спорттық және басқа да қоғамдық іс-шараларға  қызықтыру арқылы  оқу-тәрбие  жұмысын түрлендіру.
2.Байқауға қатысушылар
Байқауға барлық бірінші,екінші, үшінші курстың оқу топтары қатысады.

3.Байқаудың шарттары

«Колледждің үздік тобы» байқауы 1 қыркүйектен-1 маусым аралығында жүргізіледі.

Байқау семестр бойынша, сондай-ақ бүкіл оқу жылының қорытындысы бойынша анықталады.

Байқау қорытындысы  жаздық емтихан соңында 3 күннен кейін шығады.

4.Негізгі көрсеткіштер  және талаптар

Байқауды қорытындылау барысында басшылық мынандай көрсеткіштерді негізге алады.

4.1. Үлгерім  көрсеткіштері:

   Ұпай

Білім сапасы %

50 ұпай

100-91%

40 ұпай

90-81%

30 ұпай

80-71%

20 ұпай

70-61%

10 ұпай

60-51%

 Үлгерім туралы мәліметтерді бөлім меңгерушілері  «Ұлағат» студенттік өзін-өзі басқару комитетіне тапсырады.

4.2. Сабаққа қатысу көрсеткіштері:

Сабақты себепсіз қалдырған студенттер саны.

Баға шкаласы:

Себепсіз қалған әр күн үшін  -2 ұпай алынады.

Сабаққа қатысу нәтижесі айына 1 рет шығарылады.

4.3. Тәртіп көрсеткіштері:

-         тәртіп бұзған әр студент үшін -10 ұпай алынады.

-         колледждің ішкі тәртібін бұзып, талапқа сай киім үлгісін сақтамағаны үшін  әрбір ескерту  – 5 ұпай алынады,

-         сабаққа кешігіп келу -2 ұпай

4.4. Қоғамдық өмір:

Топтың   сыныптан тыс іс-әрекеті:

-         колледжішілік іс-шараларға қатысу+1 ұпай әрбір қатысушыға;

-         колледжішілік  байқауларға  қатысу

Бас жүлде

+30 ұпай

1 орын

+20 ұпай

2 орын

+15 ұпай

3орын

+10 ұпай

номинация

+5 ұпай

-         колледжден  тыс  байқауларға қатысу +3 ұпай әрбір қатысушыға;

-         үйірме жұмысына +1 ұпай  әрбір қатысушыға;

-         музей,театр,көрме,концерт,саяхатқа т.б. бару +2 ұпай  әрбір қатысушыға;

-         колледждегі еріктілер(волонтёрлар) тобының мүшелеріне әрбір қатысушыға +2 ұпай; 

4.5. пәндер бойынша  қалалық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысу;

халықаралық

150 ұпай

республикалық

100 ұпай

қалалық

50 ұпай

4.6. Спорттық өмір:

      -    студенттердің спорттық үйірмеге қатысуы, колледжішілік, қалалық

 +3 ұпай әрбір қатысушыға;

      -    студенттердің қалалық, облыстық жарыстарға қатысуы+5 ұпай әрбір қатысушыға;

      -     колледжішілік жарыстарға қатысуы +2 ұпай әрбір қатысушыға;

      -    колледждің құрама командасында спорттық жарыстарға қатысуы + 5 ұпай әрбір қатысушыға;

      -      республикалық, халықаралық жарысқа қатысушыға +50 ұпай әрбір қатысушыға;

      -    топтың колледжішілік  жарыстарына  қатысуы.

1 орын

+30 ұпай

2 орын

+20ұпай

3 орын

+15 ұпай

Қатысушы топтар

+10 ұпай

4.7.  Кітапханаға байланысты тапсырмалар:

Кітапханаға байланысты интерактивті тапсырмалар  әр айдың 1-ші күнінде  колледждің Instagram  желісіндегі ресми парақшада жарияланып отырады. Тапсырма саны шектеулі. Әр дұрыс орындалған тапсырмаға +20 ұпай.

4.8.         Колледж ауласын көркейту іс-шараларына қатысу:

-         сенбіліктер мен  тазалық күндерінде атқарылған жұмыстың  сапасын колледж комменданты 5 ұпайлық жүйе бойынша бағалайды.

4.9.         Тақырыптық акциялар

Әр топтың  айына бір рет қосымша тапсырма орындап, ұпай жинауға мүмкіндігі бар.  Тапсырмалар «Ұлағат »студенттік бірлесе басқару ұйымының  жаңалық бұрышында  жарияланады. Тапсырма саны шектеулі. Тапсырманы алған топтың топ белсендісі WhatsApp желісіндегі «Старосты энергоколледжа» тобына жазып, ескертуі тиіс.  Әр дұрыс орындалған тапсырма  5 ұпайдан  30 ұпайға дейін бағаланады.

5. Қорытындылау

5.1. Байқаудың жартылай қорытындысы 1 семестр нәтижесі бойынша,  жалпы қорытындысы оқу жылының соңында шығарылады.

5.2. Байқаудың нәтижесі «Ұлағат »студенттік бірлесе басқару ұйымының арнайы отырысында анықталады.

6. Марапаттау

Байқауда жеңіп шыққан топтар мадақтамалармен,сыйлықтармен,алғыс хаттармен,диерктордың арнайы сыйлығымен ,кәсіподақ комиссия мүшелерімен марапатталады.