2020 жылы 10 қарашада РЭС-180 тобының тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес «Ұлы даланың Әл-Фарабиі» атты тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты: білімалушыларға Әл-Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік бере отырып, туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, ұлттық құндылықтарды қадір тұтуға тәрбиелеу. Топ білімалушылары ізденісте болып, өз ой пікірлерімен бөлісті. Ашық тәрбие сағаты өз мақсатына жетті.Тәрбие сағатына директордың тәрбие –ісі жөніндегі орынбасары Н.Тогайбаева және оқытушылар қатысты.