Колледжіміздің 4-курс студенті, «Ұлағат» СББҰ президенті, қалалық «Almaty Volunteers» еріктілер ұйымының төрағасы Сахи Бекембай Нұрланұлы «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» жобасының жеңімпазы атанып, Республика бойынша 10 орында, Алматы қаласы бойынша 1 орынға шықты. Жоба жеңімпаздары үш кезеңнен өтті. Республикалық кезең қазанның 11-20 аралығында интернет-ресурста онлайн режимде дауыс беру арқылы анықталды. Колледж әкімшілігі дауыс беріп, қолдаған студенттер мен ата-аналарға алғысын білдіреді.