Колледжіміздің 4-ші курс студенті, «Ұлағат» студенттік бірлесе басқару ұйымының президенті Сахи Бекембай Республикалық TOP-100 байқауына қатысып, Республика бойынша 10 орын, Алматы қаласы бойынша 1 орынмен өтті. Соған байланысты колледж әкімшілігі атынан бағалы сыйлықпен марапатталды.
«Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға» деп Абай атамыз айтпақшы, колледжіміздің белсендісі алда талай белестерді бағындыратынына сенімдіміз. «Баласы атқа мінсе, анасы үйде отырып тақымын қысады» емеспе, жүзден жүйрік қылып баптаған колледжіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тоғайбаева Назира Куандыковнаға алғыс білдіреміз.