Халықаралық Шәй күніне орай байқау өтті

27.12.2021 жыл. 15 желтоқсан – Халықаралық Шәй күніне орай «Қарлығаш» қыздар клубының ұйымдастыруымен ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды жан-жақты таныта білу мақсатында «Ішсең шәй, көңілің жәй» тақырыбында колледж жатақханасында тұратын білім алушы қыздар арасында байқау өтті. Байқауға 4 топ: «Пиала», «Аль-хаяда», «Липтон» және «Ассам» қатысып, өз шеберліктерін, шәйдің тарихы, пайдасы, ерекшелігі, қолдану аясы, әзірлеу тәсілі мен салт дәстүрдің сақталуы мен дастархан безендірілуін көрсете білді. Байқау нәтижесі:
 1 орын- 77-бөлменің «Липтон» тобы,
 2 орын- 83-бөлменің «Пиала» тобы,
3 орын-  85-бөлменің «Аль-хаяда» тобы
76-бөлменің «Ассам» тобы номинацияға ие болды.


БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР