Ғарышты игеруге арналған тәрбиелік онлайн сабақ

2021ж. 12 сәуір «Радиотехника» бөлімінің айлығы аясында «Ғарыш айлағын игерген тәуелсіз қазақ елінің батырлары» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты барысында оқытушы Жексембиева Бахыткуль Токбергенқызы білім алушыларға  қазақтың мәртебесін көкке көтеріп жүрген, ғарышкер ағаларымыздың өмір тарихы туралы және ғарыш айлағы Байқоңыр туралы мәліметтер берді. Білім алушыларға  тақырыпқа байланысты бейне роликтер көрсетілді. Білім алушыларды өз Отанын сүюге, құрметтеуге, патриоттық сезімін тәрбиелеу мақсатында өткізген тәрбие сағаты жоғарғы деңгейде өтті. Қатысушылар тәрбие сағаты туралы оң пікірлерін білдірді.