Жақында LMS Smart Community жасанды интеллект базасында Жаңартылған білім беру экожүйесін әзірлеушілермен колледж өкілдерінің бейне конференциясы өтті. Компанияның менеджері, философия ғылымдарының докторы Сайлау Аманжолұлы Қасабеков қашықтықтан оқыту сапасын қамтамасыз ететін қызметтердің инновациялық сервисімен таныстырды. «Қашықтықтан оқыту» модулі виртуалды сыныпты, үлгерім және сабаққа қатысу журналын, студенттердің тапсырмаларын тағайындауды және тексеруді, сессияны өткізуді және т.б. қамтиды. Қосымша Ұлттық білімдік деректер қорымен біріктірілген, бұл колледж қызметі туралы өзекті ақпаратты иеленуге және пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жүйе уақыт шектеусіз бүкіл республиканың оқушылары үшін онлайн режімде кәсіптік бағдарлау іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.

