SKLAD онлайн-білім беру платформасына алғыс білдіремі

Колледжіміздің 15-тен астам оқытушылары «Педагогтың цифрлық құзыреттілігі. Тиімді онлайн сабақ» тақырыбындағы курсқа қатысып, «Кәсіптік білім берудегі цифрлық технологиялар. Шетелдік тәжірибелер» онлайн-тәжірибесін аяқтады. Тәжірибе барысында оқытушылар Германия, Норвегия, Дания, Эстония, Ресей сияқты елдердегі кәсіптік білім беру саласындағы жаңалықтармен танысты. Қысқа уақыт ішінде оқытушыларымыз көптеген интернет-ресурстарды білуге және игеруге, өздерінің дидактикалық материалдарын құруға қол жеткізді және көпшілігі алған білімдерін өз жұмысында қолданыпта бастады. Әріптестерімізге кәсіби өсудің жалғасуын тілейміз!