«Саналы ұрпақ» ұйымының ұйымдастыруымен 25.01.-30.01. күндері аралығында колледж студенттерімен «Таза сессия» акциясы болып өтті.

«Саналы ұрпақ» ұйымының ұйымдастыруымен 25.01.-30.01. күндері аралығында колледж студенттерімен «Таза сессия» акциясы болып өтті. Бір аптаға созылған сауалнама қазақ және орыс тілдерінде дайындалып, онлайн форматта жүргізілді. Сауалнамада оқу орнындағы жемқорлық фактілерін анықтауға арналған 15 сұрақ болды. Студенттердің жауабынан нақты жемқорлық фактісі анықталмады. Жазған ұсыныстары мен берген жауаптарына қарап, жемқорлыққа қарсы мәдиеттің қалыптасып келе жатқанын көруге болады. Сонымен қатар сауалнамада оқу-тәрбие жұмысының позитивті жағын көрсету, студенттердің мұғалімге құрметін жеткізу мақсатында «Талапшыл ұстаз», «Адал ұстаз», «Әділ ұстаз», «Мейірімді ұстаз» секілді номинациялар қарастырылып, оқытушылардың 45%-ы осы таңдауға ілінді.