Пятница, 31 Май 2019 03:02

Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде 31 мамыр – саяси қуғын – сүргін құрбандарының рухына тағзым мақсатында ұйымдастырылған іс- шара өтті.

2019 жылы мамырдың 31 күні Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде  31 мамыр – саяси қуғын – сүргін  құрбандарының рухына тағзым мақсатында оқытушылар: С.Сейсекенова, Б.Игенбаева , Б Ешмаганбетотың ұйымдастыруымен іс- шара өтті. Саяси зұлматтан зардап шеккен жандардың тағдыры арқылы өмір шындығын,  Сталиннің тоталитарлық режимінің зардаптарын: жаппай жала жабу, кәмпескелеу мен ұжымдастыру сияқты ұлтымызға қарсы бағытталған алапат апатты жылдары қуғын сүргінге ұшыраған қаны қара жерге сіңген қазақтың тағдырын жас ұрпаққа ашып көрсету. Алаш азаматтарының азалы күнін әрбір қазақтың баласы осы қайғы-қасіретін ұмытпауы парыз екенін ұқтыру, кеңестік тоталитарлық қоғам тұсындағы ұлт мүддесінің аяқ асты болған тұстарының ақиқатын ашу,1937-1938 жылдарындағы алаш зиялыларының өміріне тоқталып, мәлімет беру мақсатын көздеді.
Зұлмат заманның қаһарлы тұстарынан бейне көрістерден үзінді көрсетілді.Білімалушыларға халық қамын ойлаған ағалар ісін үлгі етіп , мәліметтер келтіріп, сахналық көрініс қойып, мәнеріне келтіріп жыр жолдарын оқыды.