Среда, 22 Май 2019 02:33

Колледждер арасында аудандық "Brain Ring" зияткерлік ойыны өтті.

Жастар жылының мақсаттарын жүзеге асыру мақсатында 22.05-і мәжіліс залында "Ұлағат" студенттік бірлесе басқару ұйымының ұйымдастыруымен және Әуезов ауданы "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының қолдауымен колледждер арасында аудандық "Brain Ring" зияткерлік ойыны өтті. Ойынға Әуезов ауданы оқу орындарынан 6 команда қатысты. Нәтижесінде "Алматы мемлекеттік қаржы және экономика" колледжінің "Союз" командасы мен Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің атынан "Максимум" командасы финалға өтті. Тартысты ойын көрсетіп, оза шапқан "Максимум" командасы бас жүлдені жеңіп 10000тг қаржылай сыйлыққа ие болды. Қалған қатысушыларға сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.