Понедельник, 20 Май 2019 05:14

"Отбасы - бақыт мекені" кешенді мәдени-спорттық іс- шара бөліп өтті.

Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде 18 мамыр күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында   Халықаралық  отбасы күніне арналған "Отбасы - бақыт мекені" кешенді мәдени-спорттық іс- шара бөліп өтті.
Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп-өніп, ер жететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Атылған шараның мақсаты отбасылық құндылықтарды насихаттау және колледж ұжымы мен ата-аналар арасында ынтымақтастықты дамыту болды .
Шара барысында эстафета,  футбол, волейбол секілді спорттық ойындардан жарыстар, киіз басу, мерекелік концерт және арнайы жайылған мерекелік дастархан ұйымдастырылды. Іс-шара қонақтары - Кенжебек Жанәбілов отбасымен және " Асыл әжелер" ансамблі.
Өнегелі ұрпақ тәрбиелеу әр ата-ананың арманы және борышы екені даусыз болса сол ұрпақтың қанатын қатайтып, майталман маман ретінде болашаққа бағдарлау оқу орындарының міндеті. Ендеше осы жүйеміз бірлік пен ынтымақтастық жарасым тапса ғана нәтижелі болмақ. Шарамыздың қойылған мақсаты нәтижелі болды. Әрқашан отбасымыз аман, босағамыз берік болғай.