Пятница, 10 Май 2019 05:24

Колледжімізде "BRAINRING" зияткерлі-интеллектуалдық ойындары өтті

Колледжімізде ақпан айының 27-сінен бастап "BRAINRING" зияткерлі-интеллектуалдық ойындары өткен болатын. 5 ойынның қорытындысы бойынша әр бөлімнен қатысқан ойыншылар арасынан озық шыққан ЭЭС бөлімінің "Непризнанные гении" командасы болды. Жеңімпаздарға "Ұстаз" кәсіподақ ұйымы атынан 10000 теңгелік сертификат және мадақтама табысталды. Қалған командаларға колледж директоры атынан алғыс хаттар табысталды.
Қатысқан командалар мен жетекшілеріне алғысымыз шексіз.
"Ұлағат" бірлесе басқару ұйымы алда "BRAIN RING" ойынын Әуезов ауданы оқу орындары арасында өткізуді жоспарлауда. Келіп тартысты ойынның куәсі болыңыздар.