Четверг, 02 Май 2019 03:04

«Worldskills Kazakhstan» сенің білімің, сенің болашағың атты семинар-практикум өтті.

«Worldskills Kazakhstan» сенің білімің, сенің болашағың атты семинар-практикум өтті. Worldskills Kazakhstan жобасы туралы толық мәліметтер берілді. Кәсіпке дейінгі және қызмет көрсету саласындағы қозғалыс, WorldSkills әлемнің барлық кәсіптік білімнің дамуына тура әсер етеді.

WorldSkills чемпионаттары екі жылда бір рет әр мемлекеттерде болады, оған 22 жасқа дейінгі колледж және университет студенттері, білікті жас мамандар, сонымен қатар танымал мамандар, кәсіпқойлар, өндірістік оқыту шеберлері мен тапсырмаларды орындауды бағалайтын сарапшы ретіндегі нұсқаушылар қатысады.

Үміткерлер WorldSkills 75 қатысушы мемлекеттердің өңірлік кәсіптік чемпионаттарынан іріктеледі. Олар өздерінің шынайылылыққа максималды жақын тапсырмаларды шеше отырып, жеке және ұжымдық сапасын, техникалық қабілеттерін көрсетеді. Командалар нәтижелері тек қатысушылардың жеке кәсіби сапасы туралы ғана емес, сондай-ақ жеке кәсіптік дайындық деңгейі мен қатысушылардың келген елінің қызмет көрсету сапасының деңгейі туралы көрсетеді.

Бүгінгі күні WorldSkills International (WSI) — қатысушы мемлекеттегі немесе өңірдегі орта кәсіптік білімнің (VET) дамуына жауапты, агенттік мүшелері немесе ресми органдар үшін ашылған коммерциялық ассоциация  болып табылады. WSI саяси және діннен жат ұйым болып, өз қызметін дүниежүзі бойынша жүзеге асырады.

WorldSkills Kazakhstan миссиясы  — кәсіптік бағдар механизмін, мамандарды даярлау, сарапшылар қауымдастықты құру және еңбек өнімділігін арттыруды қоса алғанда, халықаралық стандарттар негізінде техникалық мамандықтар бойынша өндіріс орындары саласын жоғары технологиялық мамандармен қамтамасыз ету механизмін құру.

Басты мақсаты:

  1. жастарды кәсіптік даярлау саласындағы әлемнің үздік тәжірибесін анықтау және ҚР техникалық және кәсіптік білім (бұдан әрі – ТжКБ) беру жүйесіне енгізу;
  2. Қазақстанның ТжКБ беру жүйесіне жаңа оқыту технологияларын енгізу және инновациялық процестерді ынталандыру;
  3. оқу бағдарламаларын жетілдіру бойынша үнемі әдістемелік көмек арқылы Қазақстанның сарапшылық қауымдастығын дамыту;
  4. еңбек адамы дәрежесін және техникалық кәсіп мәртебесін арттыру