Вторник, 16 Апрель 2019 06:45

Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде "Жастар жылы" аясында ерекше кездесу болып өтті.

Ерекше кездесудің ерекше қонағы - Астана жастар театрының әртісі, кино және театр әртісі, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Серғазин Дәурен болды. 

Кездесу барысында Дәурен жастарды жалынды сөздерімен жиылған жастарды жігерлендіріп отырды. Жастар тарапынан толассыз қойылған сұрақтарға мәнді де мағыналы жауап тауып, жастарды рухани дамуға, білімді білікті маман болуға шақырды. Кездесу әр түрлі тақырыпта әңгіме өрбітілген еркін форматта өткізілді.