Пятница, 05 Апрель 2019 11:14

Жастар жылы аясында «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесу болып өтті.

5 сәуір күні колледжімізде Жастар жылы аясында «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесу болып өтті. Кездесудің қонағы ағайынды Мәдениет саласының үздігі, ақын, «Серпер» сыйлығының иегері, докторант Жұмабек Ержан Жұмабекұлы және ғалым, аудармашы, полиглот, Білім беру саласының үздігі, PhD доктор Жұмабек Қуаныш Жұмабекұлы болды. Кездесу барысында ағайынды жігіттер өздерінің еңбек жолдарын айта келе, басынан өткен қызықтарымен де бөлісті, көрермендер тарапынан толассыз қойылған сұрақтарға да жауап берді. Қуаныш Жұмабек қазақ тілінің бай тіл екенін айта келе жастарды әр кезде ана тілінде сөйлеп, ерінбей, талмай еңбектенуге шақырды. Ал Ержан Жұмабек өзінің өлеңдерін оқып беріп, көпшіліктің көңілін көтерді және кездесудің соңғы нүктесін Молдабайдың әнімен қойды.

Колледж директоры Төлеуғали Мұхамеджанұлы мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назира Қуандыққызы қонақтарға алғыс білдіріп, ұжым атынан сый-сияпатын көрсетті.