Вторник, 02 Апрель 2019 01:40

Жастар жылы аясында «Тұлғадан тағылым» тақырыбында композитор Қадырғали Көбентаймен кездесу болып өтті.

Колледжімізде сәуір айының 2 жұлдызы күні Жастар жылы аясында «Тұлғадан тағылым» тақырыбында композитор Қадырғали Көбентаймен кездесу болып өтті. Кездесу барысында композитор өзі жазған әндерін айтып, әсерлі әңгімелерімен бөлісіп, студенттің қойған сұрақтарына жауап берді. Кездесуді электр-энергетикалық пәндер бірлестігінің оқытушылары Т. Шарипов пен С. Ғылымұлы ұйымдастырды.

Бұл кештің жоғары деңгейде өткенін толассыз қойылған студенттердің сұрақтарынан және тапжылмай отырып тамашалағанынан, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасқанынан байқауға да болады. Кештің соңында колледж директоры Т. Тайтулеев келген конаққа алғысын білдіріп, сый-сияпатын жасап, құрмет көрсетті.