Четверг, 14 Март 2019 09:24

14.03.2019 АЛМАТЫ-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ акциясы және ЖАСТАР ЖЫЛЫНА орай Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен спартакиада өтті.

             Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басқарма жетекшісі - Игликов Ельнар Токтабайұлы, Қазақстан Республикасының футзалдан құрамасының ойыншылары, энергоколледж түлектері  – Ералы Аблай, Сарбасов Болат, колледж студенті  Тоқаев Жомарт, Қазақстан эстрадасының әншісі Кенжебек Жанәбілов қатысты.

            Іс-шараның ашылу рәсімін Энергоколледж жастарының «Энерго жастары жемқорлыққа қарсы !» флэшмобы  аяқтады.

БІЗ - ЭНЕРГО   ЖАСТАРЫ!

ТЕК БІЛІМДІ   ЖАҚТАЙМЫЗ!

ЕЛІМІЗДІҢ ҮМІТІН АБЫРОЙМЕН   АҚТАЙМЫЗ !