Пятница, 15 Март 2019 09:04

15.03.19ж. күні колледжімізде «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» атты пікір-сайыс өтті.

         Елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі соңғы жиырма жылда көтеріліп, соның оң жылында қызу талқыланып келе жатқан тақырыптардың бірі екендігі бәрімізге белгілі-ақ. «Латын әрпіне көшу – қазақ тілін дамыту мен жаңғыртудағы ішкі қажеттілік» - деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін бәріміз де санамызбен түсініп, оның шынында да, қазіргі қоғамға тигізер ықпалы туралы ойлануымыз керектігі де түсінікті.

        Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыра отырып, білімалушыларды  берілген тақырып бойынша өз пікірін айтуға, әдеби тілмен сөйлеуге бейімдеу,  сөздік қорын байыту мақсатын көздеген іс-шара жоғары деңгейде өтті.