Среда, 13 Март 2019 12:38

13.03.2019 ж.АМЭжЭТК тіл және әдебиет пән бірлестігінің ұйымдастыруымен белгілі қоғам қайраткері Асылы Әлиқызы Османмен кездесу кеші өткізілді.

13.03.2019 ж. АМЭжЭТК тіл және әдебиет пән бірлестігінің ұйымдастыруымен белгілі қоғам қайраткері, ғалым, тіл жанашыры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының мүшесі, Алматы облысының, ОҚ Түлкібас ауданының  құрметті азаматы, «Парасат», «Достық» орденінің иегері Асылы Әлиқызы Османмен кездесу кеші өткізілді. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық біргейлікті сақтау, барша қазақстандықтарды біріктіруші мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жайы кеңінен сөз болған рухани кешке колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Кеш өте жақсы деңгейде өтті. Студенттер Асылы Әлиқызына өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, кеш қонағымен ойларын бөлісті. Кешіміздің соңында колледжіміздің директоры Тайтулеев Т.М. Асылы Әлиқызы Османға зор денсаулық, шығармашылық табыс тілей отырып, жастарға осылай әрдайым рухани азық беріп, ұзақ өмір сүруіне тілектестік білдірді.

Жауапты оқытушылар: А.Тулегенова, Р. Сагитова