Пятница, 01 Март 2019 11:13

Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің 55 жылдығы мен «1 наурыз – Алғыс айту» күніне орай жайдарман ойыны ұйымдастырылды

Колледжде 01 наурыз күні үш сайыстан тұратын жайдарман ойындары ұйымдастырылды.

  1. Сәлемдесу (3 минут 30 секунд), жоғары ұпай – «5»;
  2. Жарнамалық ролик (1 минут 30 секунд), жоғары ұпай – «4»;
  3. Үй тапсырмасы «Студенттің бір күні» (5 минут), жоғары ұпай – «5».

Ойынның қорытындысында қазылар алқасының шешімімен 14,4 ұпай жинаған «Ұлы дала электриктері» 1 орын және 10 000 теңге ақшалай сыйлықты иеленді. «Томас Эдисонның ізін жалғастырушылар» командасы 2 орынмен 8000 теңге алса, 3 орын алған «МЕГАГЕРЦ» командасы 6 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Ал «Бауыржанның балалары», «БизнесМЭНдер», «ПробелИСтер» командалары да жақсы ойын көрсеткені үшін әр түрлі номинациялар мен 5 000 теңгелік ақшалай сыйлықтарды қанжығаларына байлады. Жайдарман сайыстарының «Үздік ойыншысы» номинациясын 3 курс студенті Таубек Ұлар иеленді.