Вторник, 12 Февраль 2019 11:19

Халқымыз «Қайғы бөліссе азаяды» деп азалы адамдардың қайғысына ортақтасады.

Ауған соғысының ардагері, бас штабтың барлау басқармасының арнаулы әскерінің 177 бригадасының командирі Керімбаев Борис Төкенұлы өмірден озды. Болашақ ұрпақ үшін Отан алдында өз борышын адал және ерлікпен орындады. Борис Керімбаев өзінің ерлігімен, өрлігімен, еңбегімен жеңіп алған орны тарихта мәңгі қалады. Өйткені, ол – халықтың «Қара майоры». Өмірден өтуіне байланысты қайғыға ортақтасып, оның туған-туыстары мен жақындарына көңіл білдіреміз. Ұлы дала елінде осындай батыр ардагерлер ұлағаты ұлықтала берсін. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Мұндай қымбат адамды жоғалту бізге аса ауыр тиді. Орны толмас қаза болды.