Пятница, 21 Декабрь 2018 10:25

2018 жылдың 20 желтоқсан күні Алматы Мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде білімаушыларымен «Ел мақтанышы » атты іс-шара өтті.

Қонаққа қазақ киносының саңлағы Шомбалов Әділжан мырза мен қазағымыздың дәстүрлі әншісі Карабалина Эльза ханым келді.

Іс-шара мақсаты: Көпті көрген, үлгі тұтар аға,әпке ретінде өнегелі өмірін үлгі ете отырып, жақсы қасиеттерін білімалушылардың бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, дарынды, ұлттық тәлім - тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл тұлға тәрбиелеу.Қонақтар мәні, тәрбиесі, бар әнгімелерімен білімалушыларды сусындатты.Білімалушылар ойында жүрген сұрақтарына жауап алды.Кеш соңында қонақтар білімалушыларға  таудай  талап қайтпас жігер,мызғымас сабырлық және ұзақ өмір тіледі.

Ұйымдастырушылар: Саражанова Г., Кусайын Г.