Воскресенье, 16 Декабрь 2018 04:10

14.12.2018 ж. АМЭ және ЭТ колледжінде Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік-адамзаттың бақыты»-атты салтанатты кеш өтті.

Кеш жылуэнергетика бөлімінің меңгерушісі, тарих пәнінің оқытушысы  Б.С Ешмагамбетов және ағылшын тілі пәнінің оқытушылары Г.К Мусабалина және  Ф. Болатбектің ұйымдастыруымен өтті.  Кеште еліміздің тарихына шолу жасай отырып, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктерімізді тілге тиек еттік. Кеште патриоттық әндер шырқалып, өлең оқылып, би биленді. «Алаш тарихы»  атты сахналық қойылым көрсетілді. 1986-жылғы  желтоқсан оқиғасына қатысқан Толымбек Ж.Б және Темірбекова Г.Ж  кеш қонақтары ретінде қатысып, бастарынан өткен ауыр  күндері туралы тоқталып, мерекеге арнаған жылы лебіздерін білдірді. Әсерлі де, тартымды өткен кештің жас  жеткіншектерге берер тағлымы мол болды.