Понедельник, 10 Декабрь 2018 07:25

Біздің колледжіміздің білімалушысы, Астана қаласында кәсіптік техникалық оқу орындары білімгерлері арасында жұмысшы мамандықтары бойынша өткен Worldskills Kazakhstan байқауында 3-ші орынмен оралды.

2018 жылдың 3-7 желтоқсан аралығында, Астана қаласында  кәсіптік техникалық оқу орындары  білімгерлері арасында жұмысшы мамандықтары бойынша  өткен Worldskills  Kazakhstan байқауында, колледжіміздің білімгері Нұрсейіт Бегалы тамаша біліктілігін көрсетіп, жүлделі 3-ші орынды иеленді! Жеңімпазымызды дүбірлі сайысқа дайындаған колледжіміздің барлық оқытушыларын құттықтаймыз, соның ішінде  жеңімпаз жетекшісі Садақбаев Бектөрені ерекше атап өткен жөн. Енді Бегалы 2019 жылы Қазанда өтетін халықаралық чемпионатта Қазақстан атынан сайысқа түсетін болады.

Толық мәліметті төменде көрсетілген сілтеме бойынша көре аласыздар.

https://bnews.kz/ru/news/bsagintaev_nagradil_pobeditelei_chempionata_worldskills_kazakhstan