Среда, 28 Ноябрь 2018 08:16

Колледжімізде ақпараттандыру және жаратылыстану пәндер бірлестігінің оқытушыларының ұйымдастырумен «Үлгі тұтар ағалар!» атты сыр-сұхбат кеші өткізілді.

28.11.2018 колледжімізде ақпараттандыру және жаратылыстану пәндер бірлестігінің оқытушыларының ұйымдастырумен «Үлгі тұтар ағалар!» атты сыр-сұхбат кеші өткізілді. Кеш қонақтары «ТТТ» театрының директоры, актер Асылбек Боранбай мырза мен Көккөзов Марат мырза келді. Кеш мақсаты: Көпті көрген үлгі тұтар аға ретінде өнегелі өмірін үлгі ете отырып, жақсы қасиеттерін білімалушылар бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ұлттық тәлім - тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл тұлға тәрбиелеу.