Пятница, 23 Ноябрь 2018 09:16

MS Access 2013 мәліметтер базасы туралы негізгі түсінік Access 2013 - мәліметтер базасын құруға ашық сабак өткізілді.

Сабақтың мақсаты

білімдік - білімалушыларға MS Access бағдарламасының пакеті жайлы ақпарат беру, MS Access бағдарламасында мәлімет қорын үйрету.

дамытушылық - білімалушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан - жақты дамыту, топта жұмыс жасау шеберліктерін шыңдау,

қорытынды және талдау жасау дағдыларын қалыптастыру, өз ойын еркін жеткізе білуді, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға толыққанды жауап беруді үйрету.

тәрбиелік - білімалушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, топтық жұмыс жасау барысында білімалушыларды бірін-бірі тыңдауға, өзгенің пікірін сыйлауға,

сөзін бөлмеуге, уақытқа бағынуға тәрбиелеу, шапшаңдық, бәсекелестік, бірлестік сияқты қасиеттерін дамыту.