Вторник, 20 Ноябрь 2018 03:36

«Құқықбұзушылықтың алдын алу – басты міндет» атты ашық тәрбие сағатын өткізілді.

20.11.2018 күні сағат 13.00 – де актовый залда ЭСН-180, ЭЭС-184 топтарының бірлесуімен , топ жетекшілері Е. Хуанбай, А. Ғабиденқызы «Құқықбұзушылықтың алдын алу – басты міндет» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты

Қазақстан Республикасының Заңын және өз құқықтарын жете біліп, қорғай білетін тұлға тәрбиелеу; колледж оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету;
кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу; қазіргі заман талабына сай парасатты, Отанын, елін, тілін сүйетін жеке тұлға тәрбиелеу; құқықтық негіздерінен алған білімді іс жүзінде қолдана білуге үйрету еді. Сабағымызға осы істің маманы Әлиева Әсем Оразханқызы мен әріптесі қонақта болып студенттерге құқықбұзушылықтың алдын алуға болатынын жете түсіндірді. Әрі қарай білімалушылар өз өнерлерімен және видеороликтер қосып, сабағымызды қызықтыра түсті. Сабақ мақсатына жетті.