Суббота, 10 Ноябрь 2018 03:11

«Логарифмдік теңсіздікті шешу» атты ашық сабақ өткізілді

10.11.18 күні РЭС-180 тобында математика пәнінің оқытушысы Хуанбай Еркингул «Логарифмдік теңсіздікті шешу» атты ашық сабақ өткізді. Сабақта дамыта оқыту технологиясы қолданылды.

Сабақ барысы 8 этаптан құралып, үй тапсырмасын сұрау бөлімі 3 мақсатта анықталды.

Қызығушылықты ояту мақсатында   «Адасқан формулалар»атты сәйкестендіру тест әдісін пайдаланып, білімалушыларды тез ойланып, шапшаң жауап беруге дәріптеді.

Ал екінші «Ашық микрофон» әдісін (Саймон Браунхилл бойынша) қолданып, оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландырды. Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтты.

Келесі есептеу дағдысын ояту мақсатында « Логарифмдер эстафетасы» ауызша есептер берілді.

Жаңа сабақты оқытушы мазмұнын ашып, әрі қарай білімалушылар «Джиксо» әдісін пайдаланып, жаңа тақырыптың мағынасын «Постермен жұмыс» орындаумен жалғастырды.

Жаңа сабақты бекіту барысында оқытушы шығармашылық деңгейін анықтау барысында жеке өзіндік жұмыстар мен қатар дарындылықты да анықтап үлгерді.

Сонымен бірге білім алушылардың алған білімдерін жинақтау мақсатында тестпен жалғастырды. Дарындылықты да анықтап саралады. Сабақты қорытындылауда «Қатесін тап!» тапсырмасымен ұштастырып, рефлексия бөліміне де жетті. Квадрат, үшбұрыш, зигзаг, шеңбер ішінен білімалушы біреуін таңдап, мына сұрақтарға жауап жазады.

Бүгінгі сабақ несімен ұнады?_

Сабақтан алған әсерлеріңіз қандай?

Және осы таңдалған фигуралардың квадрат, үшбұрыш, зигзаг, шеңбер құпиясымен де таныстырды. Топ басшылары бағалау тақтасы бойынша бағалап баяндады . Сабақ өз мақсатынан да артық мәреге жетті.