Понедельник, 12 Ноябрь 2018 08:40

Информатика пәні бойынша «MS Excel– электрондық кесте туралы жалпы түсінік» тақырыбында ЭЭС-180 тобымен Оразбекова Н.М. ашық сабақ өтті.

12.11.18 күні информатика пәні бойынша «MS Excel– электрондық кесте туралы жалпы түсінік» тақырыбында ЭЭС-180 тобымен Оразбекова Н.М. ашық сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты

Білімдік: білімалушыларға Microsoft Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік беру, негізгі ұғымдарымен таныстыру.

Дамытушылық: білімалушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан - жақты дамыту, топта жұмыс жасау шеберліктерін шыңдау, қорытынды және талдау жасау дағдыларын қалыптастыру, өз ойын еркін жеткізе білуді, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға толыққанды жауап беруді үйрету.

Тәрбиелік: білімалушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, топтық жұмыс жасау барысында білімалушыларды бірін-бірі тыңдауға, өзгенің пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге, уақытқа бағынуға тәрбиелеу, шапшаңдық, бәсекелестік, бірлестік сияқты қасиеттерін дамыту.

         Ашық сабақ CLIL әдістемесі бойынша кәсіби ағылшын тілін меңгерту және терминдерді ағылшын тілінде өту бағытында, сонымен қатар Quizlet.live ойыны ойнатылып, сабақ қызықты да жоғары деңгейде өтілді.