Понедельник, 19 Ноябрь 2018 05:19

19 қараша күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Жайдарман» ойындарынан «Супер лиганың» финалдық ойыны болып өтті.

19 қараша күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Алматы қаласы әкімдігі мен Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен басталған «Жайдарман» ойындарынан «Супер лиганың» финалдық ойыны болып өтті.

25 команданың қатысуымен басталған «Супер лига» ойынының финалында 5 команда өз бақтарын сынады: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Апорт», Алматы технологиялық университетінің «АТУ құрамасы» және «Made in ATU», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Филологтар» және колледжіміздің «Энерго» командалары.

3 сайыстан «Сәлемдесу», «5 сайыс» және «Жұлдызбен көрініс» тұрған ойында колледжіміздің жайдарманшылары 3 орынға ие болды.

Командамызбен «Сәлемдесу» сайысында бірге ойнап, қолдау көрсеткені үшін «Жігіттер» квартетінің әншісі Маханов Мырзаханға және «Жұлдызбен көрініс» сайысында бірге ойнаған «Өнер қырандары» театрының әртісі Серікбаев Мадиярға алғыс білдіреміз.