Четверг, 08 Ноябрь 2018 05:28

«Білім-ғылым тынысы» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өтті.

Конференцияның мақсаты білімалушыларға ғылыми жұмысты даярлау жүйесін жетілдіру, тәжірибе алмасу, жаңашылдыққа ұмтылудың жаңа мүмкіндіктерін ашуға ықпал ету, ғылыми-зерттеушілік жүйесін құру мен белсенді дамыту бойынша талдау.

Іс-шараға колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Магазов Е.Д. ғылыми конференцияның басты бағыттары жөнінде кіріспе сөз сөйледі.

Ал колледжіміздің «Парасат» студенттік ғылыми қоғамының жұмысы туралы ақпаратты колледжіміздің әдіскері Молдагужина Д. Т. берді.

Іс-шара барысындажаңашылдыққа ұмтылу және білімалушыларға ақыл-кеңестерін берген қонақтарымыз өз ойларымен бөлісті:

  1. 1.Ауылшаруашылық ғылымдарының PhD докторы, Қазақ ғылым академиясының Жалпы генетика және цитология институтында аға–ғылыми қызметкер – Нуралиев Серикбай Кенжебаевич;
    1. 2.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі, «Аспап жасау» мамандығы I курс докторанты – Бауржан Ақерке Бауржанқызы;
    2. 3.Филология ғылымдарының кандидаты, Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің аға оқытушы -Ушурова Гузель Аркиновна.

Аталған іс-шара өз мақсатына жетті.

 

Жауапты оқытушылар:Г. Абдиева, Ж.Жанкулова,

Ш.Мустафина, Ж.Мусабаева.