Вторник, 30 Октябрь 2018 10:49

№2 Әдістемелік кеңес

30.10.2018 №2 Әдістемелік кеңес

       Колледжімізде «Ізденіс» шығармашылық тобының мүшелері жобалап оқыту технологиясы, Workshop – оқыту әдіс-тәсілдерін оқу үрдісінде оңтайлы пайдалану жөнінде Әдістемелік кеңестің 2 отырысы өткізілді. Отырыстың күн тәртібінде «Жобалап оқыту технологиясы», «Workshop- оқу үдерісін жаңғырту әдісі ретінде» тақырыптары бойынша арнайы пән оқытушылары Исаханова Ш., Дайырманова Д., Ақылбаева Г., Еденова Г. баяндама оқып, жасалған жұмыстарын тәжірибелік сабақ жөнінде көрсетті. Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша Әдістемелік кеңес мүшелері ойларын ортаға салып, пікір алмасу түрінде өткен отырыс соңында ортақ тұжырым жасалды.