Среда, 31 Октябрь 2018 10:41

«Бақытты отбасы –баянды ғұмыр кепілі» атты мерекелік ата-аналармен кездесу іс-шарасы өтті

Колледжімізде 31.10.2018 жылы сағат 13.10-да экономикалық және қоғамдық пәндер айлығының жабылуы барысында колледж психологы Б.Бергенжанованың ұйымдастыруымен: «Бақытты отбасы –баянды ғұмыр кепілі» атты мерекелік ата-аналармен кездесу іс-шарасы өтті. Іс-шара мақсаты: Білімалушылардыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, әдептілікке, сыпайылыққа, рухани тазалыққа баулу. Отбасы мен ата-ананы бағалауға, бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екенін ұғындыру. Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арақсында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады. Іс шара барысында «Отбасы - бақыт мекені»  фото байқауының жеңімпаздары анықталып марапатталды.