Пятница, 26 Октябрь 2018 03:26

«Қайраттың» бас бапкері Пауло Рикардо Фигейро Сильва ( Кака ) колледжімізде

Бразилиялық футболшы «Қайраттың» бас бапкері Пауло Рикардо Фигейро Сильва ( Кака ) колледждегі спортқа жаны құштар білімалушылармен кездесіп, сұхпаттасып қайтты. Пауло Рикардо Фигейро Сильва ( Кака ) отандық спортты дамыту жөнінде айтқанда, бірінші кезекте балалар спортын өркендету қажеттігін, бүгінгі жетістіктің болашақта жарасымды жалғасуы спорттан дарынды балаларды дұрыс тәрбиелеуімізге байланысты екендігіне айрықша мән береді. Бұл бағытта мемлекеттік қолдау да ойдағыдай, балалар мен жасөспірімдердің жүрегі қалаған спорт түрімен айналысуына барлық жағдайлар жасалған. Соның ішінде миллиондардың ойыны – футболға деген құштарлық пен қолдау ерекше екендігін айтып өтті.