Четверг, 25 Октябрь 2018 03:18

-«Өндірісті ұйымдастырудың жалпы түрлері. Өндіріс және нарық» атты ашық сабақ өткізілді.

«Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің»-арнайы пән оқытушысы Досымбекова Б.М-ашық сабақ өтті.

Пәні-экономика негіздері

Мерзімі -25.10.18

Тобы-ЭМЭН-180

Тақырыбы -«Өндірісті ұйымдастырудың жалпы түрлері. Өндіріс және нарық»,__                                                                                                                                                

Сабақтың мақсаты-Оқушыларға сыни тұрғыда ойлау технологиясының жалпы барысымен, әдіс-тәсілдерімен кезеңдерімен таныстыру, үйрету. Үйренушінің жалпы практикалық қабілетін дамыта отырып, өзгелердің ойына сыни қарап, естігенін, білгенін, талдап, салыстырып, тұжырым жасауға үйрету. Мұғалімнің әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы екенін көрсету.

Дамытушылығы-оқушының ұйымдағы топтарды құру және басқару, шешім қабылдау және басқару ғылымы, түрлерінің айырмашылықтарын білуге дағдыландыру.

Тәрбиелігі-оқушыларды жауапершілілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.