Вторник, 23 Октябрь 2018 02:46

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы және оның әдіс тәсілдері

Қазан айының 23 жұлдызы күні сағат 14.30 да Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде жас оқытушылар мектебінің ұстаздарына арналған «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы және оның әдіс тәсілдері» атты семинар –тренинг өткізілді. Мақсаты: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы туралы тереңірек түсінік беру және оның жекелеген әдіс тәсілдерімен таныстыру.Семинар –тренингте жаңа технологиялардың бірнеше стратегиялары тікелей қолданылып оқытушыларға үлгі ретінде ұсынылды . Жас оқытушылар стратегияларды сабаққа қолдану тиімділігіне көз жеткізді.

Семинар –тренингті ұйымдастырушы әлеуметтік-экономикалық пәндер цикл оқытушысы С .Сейсекенова