Пятница, 19 Октябрь 2018 04:41

13.10.2018 жылы Колледжімізде 1 курс білімалушылары ата-аналарының жиналысы өтті.

Күн тәртібінде:

1. 2018 жылдың III кварталының қаржы-шаруашылық есебі

(Тайтулеев Т.М., колледж директоры)

2. Жасөспірімдердің жаңа ортада бейімделу ерекшеліктері

(Тогайбаева Н.К.,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары)

3. Әртүрлі мәселелер.

Колледж директоры 2018 жылдың III кварталының қаржы-шаруашылық жағдайы жөнінде мәлімет беріп, оқу үдерісіне байланысты өзекті мәселелерге тоқтады: жемқорлық, зиянды әдетке тәуелділік , ата- аналардың жауапкершілігі және оқу орнындағы білімалушылардан қаржы жинауға қатаң тиым салынатыны туралы атап өтті.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.К.Тогайбаева баяндамасында жаңа ортада бейімделудің өзекті мәселелерін көтере отырып, ата-аналарды мамандардың кеңестерімен таныстырды.