Пятница, 19 Октябрь 2018 04:36

12 қазан 2018 жылы Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжнің оқырмандар залында 1 курс студенттеріне «Рухани жаңғыру – халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар» ,-атты тақырыпта конференция өтті.

Конференцияда бәсекеге қабілеттілік ұлттық бірегейлікті сақтау, прагматизм, болашағынды жоспарлай алу тақырыбында ЭЭС-22 тобының білімалушысы Ернарға сөз берілді.Санамыздын озық жүру үшін XXI ғасырдың жастарына компютерлік сауаттылық,шет тілдерін білу міндетті екенің айтып өтті.Білімнің басты фактор екендігің түсіндіре отырып Қазақстаның эволюциялық дамуы мен демографиялық ақуалға ИС-20 тобының білімалушысы Абишева Мадина жан -жақты тоқталды. Ұлттық код, ұлттық мәдениеттін сақталуына барлық жастардын ат салысуын , халықтын бірлігі мен ел тағдырының жастарға байланысты екендігін айта отырып, 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланғандығын, санамызды жаңғырту арқылы жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болу үшін, жаңа дәуірдін жақсы жақтарын бойымызға жинайық деп сөзін аяқтады.Таяу жылдардағы міндеттерге жастар саясатының ісі жөніндегі комитеттің басшысы Шарипов Тұрарбек тоқталды. Тарих пәнінің мұғалімі Игенбаева Батика халық табысының өсуі үшін тұрмыс сапасын арттыру ол үшін жайлы орта қалыптастыру қажет екендігін еліміздегі болып жатқан өзгерістер мен үдерістерге әр бір жастын ат салысуын, стратегиялық мақсатымыз -2050 жылға қарай әлемде озық дамыған 30 елдін қатарына кіретініміз жастарға байланысты екендігін айтты. Жастарымыз бәсекеге қабілетті,рухы жігерлен күш -қайратын дарытып алдына қойған мақсаттарына жетеді.