Пятница, 19 Октябрь 2018 04:19

08.10.18 «Ұстазым- ұлағатым» атты ашық тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін білімалушылардың бойына дамыту әрі дарыту. Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі – ұстаз. Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар – бәрі-бәрі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Жан дүниеңді түсінетін, қиындық кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық, өйткені ол диқан сияқты. Адамның жанына ақыл, білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін де табады.

“Ұстаз”- деген ардақты, киелі үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін.

“Білім” атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайыңнан сипайтын адам.

Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол – мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамат атандырғаннан артық абырой мен құрмет жоқ шығар сірә?!