Вторник, 25 Сентябрь 2018 10:01

24. 09. 2018 ж. күні 22 – қыркүйек тілдер мерекесіне орай колледжімізде тіл және әдебиет пән бірлестігінің оқытушылары « Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты мерекелік іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты: білімалушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Білімалушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауызекі сөйлеуге баулу.

Іс-шараға колледж директоры Т. Тайтулеев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Тогайбаева, пән оқытушылары мен бірінші, екінші курс білімалушылары қатысты. Бірінші курс білімалушылары сахнада өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің назарын баурап алды. Іс-шара барысында өзге ұлт білімалушылары өзінің ана тілінде тіл туралы өлеңдерін оқыды.

Аталған іс-шара жоғары деңгейде өтті. Жауапты оқытушылар: Р. Мурзахметова,       А. Аюпова, Г. Саражанова, Ю. Когут.