Вторник, 17 Июль 2018 08:36

Қазақстан колледждерінің ұлттық рейтингі-2018

Білім берудің озық стратегияларын іске асыру арқылы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту ел экономикасының тұрақты өсуін, қазақстандық қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету және жастардың жұмыспен қамтылуын қолдау үшін кәсіби бәсекелестікке қабілетті мамандар дайындаудың негізгі шарттарының бірі болып табылады.
Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА)-рейтинг қазақстандық колледждерді саралаудың қанатқақты жобасын өткізіп, Қазақстанның үздік колледждерінің 2018 ж. рейтингін ұсынады.
Колледждердің рейтингін өткізу әдіснамасы колледждің қызмет сапасы, оқу үдерісін ұйымдастыру және инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзыреті деңгейін бағалауға негізделген. Рейтингті өткізу барысында колледждердің бес индикатор бойынша ұсынған статистикалық мәліметтері пайдаланылды: студенттер контингенті; студенттерді оқыту нәтижелері және ТжКБ ұйымдары іске асыратын білім беру бағдарламаларының саны; инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің сапасы; ТжКБ ұйымының қызмет сапасы; жұмыс берушілермен ынтымақтастық.
Біздің оқу орнымыз Қазақстандағы теxникалық колледждердің рейтингі бойынша бірінші орынға ие болды.