Понедельник, 04 Июнь 2018 02:59

2018 жылдың 29 мамыр мен 15 шілде аралығына колледжімізге келген SES-сарапшы Дитхельм Майер электротехника және механика саласындағы тәжірибелі маман.

Дитхельм Майер «SES» халықаралық ынтымақтастық бағдарламасы аясында оқу орнымызға арнайы келіп, өзіне ғана мәлім тәжірибелік оқыту өткізіп, құпияларымен бөлісті. Жиынның мақсаты – шетелдік мамандардың озық әдістерін үйрену. SES ұйымымен бірлесіп өткізілген іс-шара колледжімізге цифрландыру үрдісіне оң ықпалын тигізбек. SES – халықаралық экономикалық әріптестікті дамыту үшін құрылған әлемдегі жетекші қоғамдық ұйым. «SES» жобасының ресми өкілі Ирина Васильеваның айтуынша, Қазақстан мен Германия арасындағы еріктілердің өзара тәжірибе алмасулары 2004 жылдан бері жалғасып келеді. Осы аралықта көптеген кәсіп иелері халықаралық сертификат алып шыққан. Бүгінде бірлестіктің құрамында 10 мыңға жуық шеберлігі жоғары мамандар бар.