Пятница, 01 Июнь 2018 02:56

2018 жылы 31 мамыр күні колледжіміздің физика пәні оқытушысы Медетбекова А.А. «Физиканы оқытуда сандық білім беру ресурстарын дайындау және қолдану» тақырыбында ҚББЖТҒӘО «Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі» ұйымдастыруымен

физика пәнінің оқытушыларына қалалық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты:

«Алматы қаласы бойынша физика пәнінің оқытушыларына физиканы оқытуда сандық білім беру ресурстарын дайындау және пайдалану бойынша А.Медетбекованың тәжірибесін тарату».

Семинарда білім алушылардың физиканы оқытуда ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мәселесіндегі педагогтардың іс – әрекеттері, ғылыми – теориялық, педагогикалық – әдістемелік негіздеріне қатысты пікір алмасу, оқытушылардың озық іс – тәжірибелерін насихаттау сынды сұрақтар да қарастырылды. Семинар соңында қонақтар жүргізілген жұмыстарға кері байланыстар берді. Өткізілген жұмыстардың тиімді, шынайы болғандығын, алдағы уақытта өз жұмыстарынан көрініс табатындарын айтып, бір-біріне келешек жұмыстарына шығармашылық табыс тілеп, колледж ұжымына алғыстарын білдірді.