Пятница, 18 Май 2018 04:52

17.05.2018ж. Тақырыбы: «Сталинге сыйлық» тәрбие сағаты өткен болатын. Тобы МЭН-22. Топ жетекшісі Б.Досымбекова

Мақсаты:  1.Оқушылар бойына киноны жеткізу. 2.Киноны көре отырып кандай тәрбиелік маңызы бар екенін түсіну. 3. Жалпы киноның маңызды жағын талқылау.

 

САБАҚ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Интербелсенді тақтадан оқушыларға көрсетілетін слайдтар, видео роликтер.

ІІІ. Негізгі бөлім.

Сталинге сыйлық 

Фильмнің идеясын кезінде актер Меңтай Өтепбергенов жүрген жерінде айтып жүріпті. Режиссер Конопольскиймен бірігіп осы идеяны жүзеге асырмақ болып, олар біраз жұмыс та жасапты. Мәскеуден Павел Константинович Финді шақырып, ол тұтас сценарийін жазып шығады. Қаражат қолбайлау болып, фильм сценарийі тағы екі-үш жыл «шаң басқан архивте» жатып қалады.

Кейіннен продюсер Әлия Увальжановаға «Сталинге сыйлық» туралы идеяны айтқанда ол қаржы табу мәселесін бірден қолға алады. Нәтижесінде Борис Чердабаев сценарийді толайым сатып алып, фильмнің барлық шығынын өз мойнына алады. Осы кезде «фильмді кім түсіреді?» деген мәселе кесе көлденеңдейді. Б.Чердабаев Рүстем Әбдірашевке жауапкершілікті жүктегенімен, сценарий авторы П.К.Финнің Рүстемге деген күмәні басым болады. Алайда «Қаладан келген қызды» көріп шыққаннан кейін Финнің көзқарасы өзгеріп, «Сталинге сыйлықты» қазақ режиссеріне сеніп тапсырады...

"Сталинге сыйлық" - қазақ дархандығын көрсеткен фильм 2008 жылы режиссер Рүстем Әбдірашев «Сталинге сыйлық» атты кезекті фильмін жұртшылық назарына ұсынды. Алғашқы көрсетілімнен бастап, фильм кеңінен танылып, баспасөз беттері төл туынды жайлы жарыса жазды. «Сталинге сыйлық» отандық қана емес, шетелдік көрермендердің назарына ілініп, жүректерін жаулап алды. Фильм бірқатар халықаралық фестивальдер мен байқауларда көрсетіліп, жүлделі орындарға ие болды.