Вторник, 15 Май 2018 03:43

15.05.2018 жылы сағат 11.40-та Қазақстан тарихы пәнінен ЭЭС-24 тобымен ашық сабақ өтті.


Тақырыбы
  «Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру. Голощекиннің «Кіші Октябрь» саясаты. 1932-1933 ж. апат.»
Сабақтың  мақсаты

білімдік Голощекиннің Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру туралы саясаты,  ұжымдастырудың кезеңдері, күштеп ұжымдастыру және оның зардаптары «Ұлы нәубет» туралы түсінік беру.   

дамытушылық  Оқушылардың білім, білік, қабілеттерін дамыту. Сыни тұрғыдан ойлауға бейімдеу, деңгейлік тапсырмалармен, тірек-сызбалармен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру (сипаттау, талдау, дәлелдеу).                                                   
 тәрбиелік
 Білім алушының өз ойын ашық білдіруге,пікірін қорғай білуге,шығармашылық ізденісін арттыруға дағдыландыру, еліміздің өткеніне құрметпен қарауға үйретіп, Отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту.
Сабақта  (М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», Шаталовтың тірек схемалары, сыни тұрғыдан ойлау) технологиялары қолданылды. Сабақ өте жоғары деңгейде өтілді. Сабақты өткізген: Нургальдиева Арайлым Рсмухамбетқызы