Четверг, 19 Апрель 2018 09:07

18.04.18ж. сағат 13.10-да мәжіліс залында «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық және жауапкершілік» тақырыбында заңгерлермен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында ЭЭС-14 және ЭЭС-16 топтарының пікірлері тыңдалып, заңдық тұрғыдан заңгерлермен талқыланды. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы қылмыстық құқық саласында мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан,бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық және заңдық жауапкершілік» деп аталады.